6 Ақпан, 09:40

Ауылдан шыққан қыз қалай 5 млрд табысқа жетті? | Жұлдызай Мұсаеваның құпиясы

JUZ40 - Қазақстандағы ең ірі edtech жобалардың бірі. Бүгінде ол мыңдаған талапкерге ҰБТ-дан жоғары балл жинап, қалаған оқу орнына түсуге жол ашып келеді. Бұл жүйенің артында тұрған тұлға - компанияның негізін қалаушы Жұлдызай Мұсаева.

Сұхбат барысында ол компанияны нөлден бастап құру жолын, нарықтағы бәсекеде алда болу стратегиясын, білім бизнесіндегі табыс моделі мен құндылықтарын, сондай-ақ үлкен команда басқарудағы қағидаларын ашық айтты. Сонымен бірге Жұлдызай Мұсаева мотивация, жауапкершілік және білім саласындағы өзгерістерге қатысты өз көзқарасын бөлісті.