Жаңалықтар

«Ауыл - Ел бесігі» бойынша неше ауылды елді мекендер қамтылды?

«Ауыл - Ел бесігі» бойынша неше ауылды елді мекендер қамтылды?
Фото: abai.kz 03.08.2022 17:31 2648

ҰЭМ өңірлік даму департаментінің директоры Дәурен Жамбайбек өңірлерді дамытуға қатысты сұрақтарға жауап берді. Оның ішінде «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы туралы айтты, деп хабарлайды El.kz

«Бұл ұлттық жоба инфақұрылымды, яғни инженерлік және көліктік инфрақұрылымды, еліміздегі ішкі көліктің байланыстылығын, транзиттік жол тасымалын нығайтуға бағытталған», - дейді республикалық арнаның эфирінде Дәурен Жамбайбек. 

Департамент директорының сөзінше, «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша 596 ауылды қамтылған. 2025 жылға дейін 3,5 мың ауылдың инфрақұрылымын жақсартуды жоспарлап отыр. 

«Ауыл – ел бесігі» 2019 жылдан бері басталып, 30 млрд теңге бөлінген. Ол қаржы 53 ауылға жетті. 2020 жылы 80 млрд, 2021 жылы 96 млрд теңге республикадан бөлінді. Биыл 128 млрд берілді», дейді департамент директоры.

2021 жылы жоба аясында 300-дей әлеуметтік нысан, 1600 км-ге жуық ауыл жолдары салынып, жөнделген. 

Дәурен Жамбайбектің айтуынша, ауыл жолдары жағдайының үлесіне республикалық бюджеттен 5 жылға жоспарланған 4 трлн теңге игерілетін болса, 2025 жылы 100%-ға дейін жетпек. 

Жыл сайын «Дипломмен ауылға» жобасына 20 млрд теңге бөлініп отырады. Жоба аясында екі көмек көрсетіледі. Біріншісі, қаладан ауылға көшіп барған кез келген маманға 100 айлық есептік көрсіткіш түрінде қаржылай көмектесу. Екіншісі, тұрғын үй салуға немесе алуға 1500 айлық есептік көрсеткіш беру. 

Аудандық орталықтар мен облыстық орталықтарға жақын орналасқан үлкен ауылдарға берілетін көмек мөлшерін 2,5 мың айлық есептік көрсеткішке дейін арттыратын болады.

2024 жылдан бастап «Дипломмен ауылға» жобасына бөлінетін қаржыны 25 млрд теңгеге дейін арттыру жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға