Жаңалықтар

Ауыл тұрғынынан 30 келіге жуық есірткі табылды

Ауыл тұрғынынан 30 келіге жуық есірткі табылды
Фото: Жамбыл облысы ПД 29.08.2023 23:27 708

Жамбылдық полицейлер ауыл тұрғынынан 30 келіге жуық есірткі тәркіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды орындау мақсатында «Қарасора-2023» жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде жедел ақпараттарды жүзеге асыруда 53 жастағы Шу ауданы тұрғынының бақшасынан өсірілген есірткі бұталары мен ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік тектес заты табылды.

Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттың жалпы салмағы 31 кг "каннабис", сондай-ақ жалпы салмағы 9,22 гр "кептірілген марихуана" және жалпы салмағы 3,15 гр "гашиш" есірткі құралы екендігі анықталды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ, ІІМ ЕҚҚІД, ҰҰ «Бүркіт» АМБ қызметкерлерімен, сондай-ақ пилотсыз ұшу аппаратын және «Теа» атты қызметтік-іздестіру итін қолдана отырып жүргізді.

Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты Қылмыстық кодексінің 300-бабы 2-бөлігі (өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді егу немесе өсіру немесе қарасора, көкнәр немесе құрамында есірткі заттары бар басқа да өсімдіктердің сорттарын өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бұл баптың санкциясы үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, - деп хабарлады Жамбыл облысының ПД ЕҚҚІБ бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға