Ауыл тұрғындары тыл ардагерлерінің үй ауласын тазалап берді
10.05.2024 06:29
Фото:
Түркістан Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан облысы Отырар ауданында ауыл тұрғындары тыл ардагерлерінің үй ауласын тазалап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жеңіс күніне орай экологиялық акция аясында отырарлықтар тыл ардагерлері Іңкәрбек Батырбеков, Базарбай Әбдрайымов қариялар мен Күлжан Бастарбекованың үйлеріне барып, аулаларына абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Тазалық шарасы барысында үй-жайлардың маңайларын шөптерден тазартып, қора-қопсыларын тазалауға көмек көрсетті.
Игі шараға ауыл тұрғындарымен қатар жастар ұйытқы болған. Сонымен қатар ауыл тұрғындары тыл ардагерлерін мерекемен құттықтап, құрмет көрсетті. Өз кезегінде қариялар көмек көрсеткен жерлестеріне ыстық ықыласын білдіріп, ақ батасын берді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

