Жаңалықтар

Ауыл тұрғындары 10 аурудың алдын алу бойынша тексерістен өтті

Ауыл тұрғындары 10 аурудың алдын алу бойынша тексерістен өтті
Фото: t.me/senate_kz 20.06.2023 16:38 918

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Сенатор Руслан Рүстемов Денсаулық сақтау минстрі Ажар Ғиниятқызына ауылдардағы медициналық қызмет туралы сұрақ қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сенат депутаты шалғай орналасқан ауыл тұрғындарына медициналық қызметті көрсету жүйелі түрде жолға қойылмағанын атап өтті. Мәселен,            2022 жылға жоспарланған қаражаттың игерілуі 43%-ды ғана құраған, Бұл республика бойынша. Ал өңірлер бөлінісінде көрсеткіш бұдан да төмен.

Елімізде МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған 3,6 млн халық болса, оның 1,4 млнауыл тұрғындары толыққанды медициналық көмекке қол жеткізе алмауда. Сонымен бірге, медициналық көмектің қолжетімділігін көрсететін келесі бағыт бұл - скринингтік тексерулер. Есепті кезеңде, онкологиялық сырқаттанушылықты ерте анықтау көрсеткіші бойынша жоспар 33,5% бола тұра, 29%-ды құрап, нысаналы индикаторға қол жеткізілмеген. Мұндай жағдай соңғы үш жыл бойы жүйелі түрде қайталануда. Бұл жағдаяттар, есепті кезеңде миинстрліктің негізгі индикаторларының бірі - Халықтың медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне қанағаттану деңгейінің орындалмауына алып келіп отыр, - дейді Руслан Рүстемов.

Түйіндей келе, депутат министрден жылжымалы медициналық кешендерді қолдану арқылы шалғай ауылдық елді мекендердегі азаматтарымызға алғашқы дəрігерлік көмекті қай уақытта толыққанды көрсететін сұрады. Сондай-ақ министрлік, халықтың медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне қанағаттану деңгейін өсіру бойынша қандай нақты стратегиялық шешімдер қабылдағанын сұрады.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқызы ауыл денсаулығын дамыту - салалық стратегиялық бағдарламалардың басты бағыты екенін айтты. 

Былтыр ауыл денсаулығы үшін 2020 жылмен салыстырғанда қаржыландыруды 1,5 есе ұлғайттық. 100 миллиардтан астам теңге қосымша берілді. Былтыр алғаш рет ауыл тұрғындары арасында 10 аурудың алдын алу үшін кешенді профилактикалық зерттеулер өткізуді бастадық.  Бүкіл республика бойынша 4 миллион адам тексерістен өтті. Былтыр пандемиядан кейін алғаш рет медициналық пойыздар іске қосылды. Шалғай станцияларда тұратын 70 мыңнан астам адам медициналық тексерістен өткізілді, - деп жауап берді Ажар Ғиниятқызы.

Ауылдарда сапалы қызмет көрсету үшін келесідей шаралар қабылданған.

Біріншіден, кадрлық әлеуетті арттыру. Саланың инфрақұрылымын жаңғырту. Екіншіден, қажетті құрал-жабдықпен қамту. Үшіншіден, халыққа қызмет көрсететін көмектің тізбесін кеңейту. Сондай-ақ барлық медициналық ұйымдарда пациенттерді қорғайтын қызметтер ашылады, - деді министр.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға