31 Тамыз 2025, 15:52
Ауыл шаруашылығындағы жаңа серпін
«BNK Group» - еліміздегі ауыл шаруашылығы мен агротехнология саласында толық өндіріс циклі бар жетекші компаниялардың бірі. Бүгін «El.kz» порталының қолдауымен «Біздің Brand» шығармашылық тобы «BNK Group» кәсіпорнына барып қайтты. Жоба жүргізушісі Әзиза Насимолла кәсіпорынның жұмысымен толық таныса келе, өндірісте трактор жүргізіп, сүт фермасында сиыр да сауып көрді. Өндірістегі толық цикл қалай жұмыс істейді? Сиырлардың күтімі мен сауылу процесі қалай жүргізіледі? Заманауи сүт фермасының ерекшелігі неде? Трактор өндірісі қандай кезеңдерден тұрады? Бүгінгі шығарылымда сіздер үшін осы және өзге де сұрақтарға жауап алынып, ауыл шаруашылығының заманауи технологиялары мен өндіріс процесінің қызықты сәттері ұсынылды.