Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығын сумен қамту жыл сайын қиындап барады

Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды
Ауыл шаруашылығын сумен қамту жыл сайын қиындап барады
Фото: sn.kz 22.11.2022 11:01 2140

Биылғы вегетациялық кезеңдегі су ресурстарын пайдалану қорытындылары туралы айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінде елімізде тұтынылатын судың жартысынан көбі аграрлық секторға тиесілі. Дегенмен ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету су тапшылығына байланысты жыл өткен сайын қиындай түсуде.

«Бұған бірнеше фактор әсер етіп отыр. Біріншіден, көрші елдердің (Қытай, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан) аумағынан келетін суға тәуелдіміз. Екіншіден, біздің өңірде судың аз жиналуы. Үшіншіден, каналдардағы судың шығыны жоғары, сондай-ақ суды үнемдеу технологиялары жеткіліксіз. Осыған қарамастан, қабылданған шаралардың нәтижесінде биылғы вегетациялық кезең қалыпты жағдайда өтті. Көрші мемлекеттердің су қоймаларынан қосымша су жіберілді. Сондай-ақ сумен қамтамасыз ету объектілерінде қажетті техникалық жұмыстар жүргізілді. Бұл жұмысты әрі қарай жалғастырып, келесі вегетациялық кезеңге арналған Жоспарларды бекітудің маңызы зор», - деді Премьер-Министр Әлихан Смайылов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға