Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту үшін жыл сайын фермерлерге қанша ақша беріледі?

Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту үшін жыл сайын фермерлерге қанша ақша беріледі?
Фото: © El.kz 14.11.2023 22:27 758

Ауыл шаруашылығы министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасын 2022 жылдың тамызында іске асыруды бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі

Отандық ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдетілген лизингі бағдарламасына 40 млрд теңге (30 млрд теңге «Жасыл даму» АҚ және 10 млрд теңге - «Бәйтерек» АҚ коммерциялық қаражаты) бөлінді. Фермерлер бастапқы жарнасыз жылдық сыйақысы 6%-бен несие алды. Бұл жаппай күзгі жиын-терім жұмыстары қарсаңында 872 фермердің лизингке 1053 техника (176 комбайн және 877 трактор) сатып алуларына мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, Үкімет «Жасыл даму» АҚ қорынан ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингпен беру үшін 20 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдады. 2023 жылдың 18 қазанынан бастап бағдарламаның негізгі операторы - «ҚазАгроҚаржы» АҚ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден өтінімдер қабылдай бастады.

Бұдан бөлек АШМ 2023 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы жем-шөп жинау техникасының жеңілдетілген лизингін қаржыландыру бағдарламасын 20 млрд. теңгемен іске асырса, 2024 және 2025 жылдарға 30 млрд. теңгеге дейін жеткізетін болады. Сондай-ақ, шамамен 2,8 мың жем-шөп дайындау техникасын, оның ішінде аспалы және тіркемелі техниканы сатып алуды қаржыландыру жоспарлануда. 2023 жылдың 26 маусымынан бері «ҚазАгроҚаржы» АҚ бағдарламаны іске асырып келеді.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы қазақстандық өндірістің ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды қаржыландыру үшін «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ға жыл сайын 2023-2025 жылдары 30 млрд теңгеге дейін ұзақ мерзімді бюджеттік несие бөлуді көздейді.

Аталған іс-шараларды келісу мерзімдерінің ұзақтығын ескере отырып, «ҚазАгроҚаржы» АҚ 2023 жылдың 26 маусымынан бастап ішкі резервтер есебінен отандық өндірістің ауыл шаруашылығы техникасын лизингілеудің жеңілдетілген бағдарламаларына кірісті (26,5 млрд теңге).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға