Жаңалықтар

“Ауыл” партиясы 25 адамды депутаттыққа ұсынды

“Ауыл” партиясы 25 адамды депутаттыққа ұсынды
Фото: El.kz 14.02.2023 10:18 1512

ОСК оныншы отырысын өткізді. “Ауыл” халықтық-демократиялық патриоттық партиясының партиялық тізімін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

2023 жылы 7 ақпанда ҚР ОСК-ға “Ауыл” халықтық-демократиялық патриоттық партиясы құжаттарды өткізген. ОСК хатшысы Асылбек Смағұлов мәліметінше, құжаттар барлық талапқа сай.

“ОСК Мәжіліс депутаты қылып сайлау үшін партиялық тізімге енгізілген адамдардың Конституция мен конституциялық заңға сәйкестігіне тексеру жүргізді. Партия тізіміне енгізілген барлық адамдар Конституцияның және Сайлау туралы заңның барлық талаптарына сәйкес келеді”,- деді ОСК хатшысы Асылбек Смағұлов.

“Ауыл” партиясы 25 адамды депутаттыққа ұсынды. Оның 40%-і яғни 10 үміткер әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға