Жаңалықтар

Ауыл оқушыларына арналған пәндік олимпиада басталады

Ауыл оқушыларына арналған пәндік олимпиада басталады
Фото: iStock 06.09.2024 11:19 334

Қазақстанда ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиада басталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

4 қыркүйектен бастап ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша екінші республикалық олимпиадаға тіркелу ашылды. Өтініштерді қабылдау 20 қыркүйекке дейін жалғасады. Олимпиадаға ауыл мектептерінің 9-11 (12) сынып оқушылары қатысады.

Олимпиада төрт кезеңнен тұрады, олар қыркйүек, қазан, қараша, желтоқсан айларына жоспарланған.

Олимпиаданың өткен жылғы жеңімпаздары пәндер сәйкестігі бойынша биылғы олимпиаданың республикалық кезеңіне барлық кезеңдерге қатысу шартын сақтай отырып, конкурстан тыс қатыса алады.

Қатысу үшін барлық ниет білдірушілер auyl.daryn.kz сайтында тіркелуі қажет.

Еске сала кетсек, ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада алғаш рет өткен оқу жылында Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен өткізілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға