Жаңалықтар

Ауыл мұғалімі 2 мың теңгеге күтпеген жерден зәулім үйлі болды

Ауыл мұғалімі 2 мың теңгеге күтпеген жерден зәулім үйлі болды
Фото: видеодан алынған кадр 19.07.2024 13:40 30301

Құны 80 млн теңге тұратын үйге конкурс ұйымдастырған блогер Аида Серікова жеңімпазды жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Зәулім үй ауылда мұғалім болып істейтін Айдос мырза мен жұбайына бұйырды. Ол Алматыға кредит алуға барған. Алайда банк несие бермеген. Конкурс арқылы үй бұйырған жас жігіт ауылда география пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді екен.

Айдос аға жастайынан әкесінен де, шешесінен де айырылған. Інісі екеуі тете өсіп, мектепті өте жақсыға бітіріп, КазНУ-ды қызыл дипломмен бітіріпті. Өте сауатты кісі. Қазіргі таңда, география пәнінің мұғалімі екен. Өте қарапайым жандар. Алла бұл кісілерге еселеп берсін. Осы күнге дейін қиындықты тек күліп қарсы алған екен. Кешегінің өзінде қалай екі езуі күліп кірді, соңына дейін солай күліп жүрді ғой, - деп жазды блогер.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға