Ауыл мектебінің түлектері көпбалалы анаға баспана сыйлады
25.02.2025 01:27
Фото:
Шардара ауданы әкімдігі
Түркістан облысы Шардара ауданындағы ауыл мектебінің түлектері көпбалалы отбасыға қуаныш сыйлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алатау батыр ауылдық округі С.Кәттебеков мектебін 2005 жылы бітірген 20 жылдық түлектер жалғызбасты көпбалалы анаға баспана кілтін табыс етті.
Салтанатты шараға ауыл ақсақалдары мен ауылдық округ әкімінің орынбасары Тасов Сабит, аудандық мәслихат депутаты Қарабаев Ержан және ауыл тұрғындары қатысты.
Үлгілі іс жасаған 20 жылдық түлектерге тұрғындар мен баспанаға ие болған 5 баланың анасы Салтанат Ускебаева алғысын білдірді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

