Жаңалықтар

Ауыл мәселесін биік мінберлерде ашық айтатын уақыт жетті

"Ауыл" партиясының кезектен тыс форумында съез делегаттары сөз алды
Ауыл мәселесін биік мінберлерде ашық айтатын уақыт жетті
Фото: El.kz 04.02.2023 12:17 1459

Бұл туралы бүгін съезде делегат мүшелері көтерді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Партия төрағасының орынбасары Жигули Дайрабаев ауылды дамытудың маңыздылығын атап өтті.

"Статистикаға көз жүгіртсек, ауыл шаруашылығы қарыштап дамып келе жатпағанын көруге болады. Бүгінде ел халқының тең жартысы ауылда тұрады. Ауылды дамытуды ерекше назарға алып, халықтың әлеуметтік тұрмысы жақсаруы тиіс. Әрбір қазақстандықтың бай-қуатты өмір сүруге құқығы бар. Мемлекеттің байлығы халықтың иелігіне жаратылуы керек", - деді ол.

Делегат мүшесі Дәулеткерей Кәпұлы ауыл ұлттың руханиятының негізі тірегі екенін, ауылды көтеру қажеттігін айтты.

"Ауыл бізді біріктіреді. Мемлекеттің жетілуі үшін ауылдың көсегесі көгеруі тиіс. Көсегесі көгермей, біз биікке шыға алмаймыз. Ұлттық келбетімізді сақтау үшін ауыл жаңғыруы қажет. Мемлекеттік деңгейде тек аграрлық сектор ретінде қарайтын көзқарасты түбегейлі өзгерткен дұрыс. Ауыл ұлттық рух, түп тамыр, ұлттың жаны. Әділетті қоғам құруда қазақстанның әр мүшесі ауылды дамытуға атсалысу керек. Сайлауда партияның рөлі зор. Сол себепті, ауыл мәселесін биік мінберлерде ашық айтатын уақыт жетті", — деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға