Жаңалықтар

«Ауыл – ел бесігі» жобасына биыл 143 миллиард теңге бөлінді

«Ауыл –  ел бесігі» жобасына биыл 143 миллиард теңге бөлінді
Фото: pro-dachnikov.com 14.03.2023 12:59 1464

Бұл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша 334 жобаны, әлеуметтік инфрақұрылымның 1200 обьектісіні және де көлік инфрақұрылымының  200 жобасын іске асыруға мүмкіндік берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Ауыл –  ел бесігі» жобасы 2019 жылдан бастап жүзеге асырылып жатыр.

Вице-министрдің айтуынша аталған жобаға 2019-2022 жылдарға 326 млрд теңге бөлініп, 3700-ден астам жоба іске асырылған. Соңғы жылдары барлығы 1031 ауыл жобамен қамтылған.

«2023 жылы «Ауыл –  ел бесігі» жобасына 143 млрд теңге бөлінді. 736 ауылда 1500-ден астам жоба іске асырылды. Сонымен қатар осы жылдың бюджетін нақтылау барысында қосымша  55 млрд теңге бөлу жоспарлануда. Аталаған жоба бойынша 200 млрд-қа жуық қаржы бөлінгелі отыр», деді Экономика вице-министрі.

Қосымша бөлінген қаржыға 120-дан астам тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, 275 әлеуметтік құрылым нысанын және 1300 көлік инфрақұрылым жобасын іске асыруға мүмкіндік береді.

Осыған дейін ауылдық елді-мекендердің дамуына жүргізілген талдау  көрсеткендей ел аумағындағы ауылдардың 77%-ы интернетпен қамтамасыз етілгенін хабарлаған болатынбыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға