Ауыл баласы ҰБТ-да 140 балл жинап, рекорд орнатты
28.06.2024 03:27
Фото:
Әлеуметтік желі
Ұлттық бірыңғай тестілеуде жаңа рекорд тіркелді. Барлық сұраққа дұрыс жауап беріп, максималды балл жинаған түлек белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы облысы Талғар ауданы Қарабұлақ ауылының №22 жалпы білім беретін орта мектебі түлегі Жаннұр Еңсебек барлық сұраққа дұрыс жауап беріп, ең жоғары балл жинады. Ол 140 балл алып, рекордты жаңартып отыр.
Осылайша ауылдың баласы жетістігімен жұртты таңғалдырды.
Еске сала кетейік, бұған дейін жаңаөзендік Абзал Оңғарбаев 139 балл жинап, үздік нәтиже көрсеткен болатын.
Кентаулық түлек Айдос Қожанов та ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары нәтижеге қол жеткізді. Ол 138 бал жинаған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

