Жаңалықтар

«Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауыл тұрғындарына 2,5 пайызбен ұзақ мерзімге несие беріледі

«Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауыл тұрғындарына 2,5 пайызбен ұзақ мерзімге несие беріледі
Фото: primeminister.kz 16.09.2023 17:56 722

Үкімет Президенттің ауыл шаруашылығы кооперациясы арқылы ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тапсырмасын белсенді түрде жүзеге асырып келеді. Бұл мақсатта «Ауыл аманаты» жобасы іске асырылып отыр, оның шеңберінде ауыл тұрғындарына жылдық 2,5%-бен 5-7 жыл мерзімге шағын несие беріледі, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жобаның орындалу барысы ҚР Үкіметі Аппараты жанындағы «Ауыл Аманаты» жобалық кеңсесінің кезекті отырысында талқыланған болатын. Жиынға Премьер-Министрдің орынбасары Т.Дүйсенова қатысты.

Мәселен, осы жылдың 13 қыркүйегінде 1388 ауылдық округті қамтитын 42 млрд теңге сомасына 7429 шағын несие берілді.

Оның 85%-ы мал шаруашылығы саласына (35,8 млрд. теңге), 7%-ы өсімдік шаруашылығына (2,8 млрд. теңге), 5%-ы кооперативтер үшін ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алуға және 2,6%-ы басқа бағыттарға (1,1 млрд. теңге) берілген.

Жиын қорытындысына сәйкес Премьер-Министрдің орынбасары жауапты мемлекеттік органдар мен өңірлерге облыс, аудан, ауылдық округ деңгейінде жобалық кеңселер құру, цифрлық платформаны әзірлеу процесін жеделдету жөнінде тапсырмалар берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға