Жаңалықтар

«Ауыл аманаты»: Жамбыл облысында 4 мыңға жуық тұрғын өз кәсібін бастады

«Ауыл аманаты»: Жамбыл облысында 4 мыңға жуық тұрғын өз кәсібін бастады
Фото: © Pexels.com 25.05.2023 13:05 935

Жамбыл облысында «Ауыл аманаты» жобасы басталғалы 24 ауылда 4 мыңға жуық адам өз кәсіптерін ашты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

2019 жылы Жамбыл облысында пилоттық негізде басталған «Ауыл аманаты» жобасы өзінің экономикалық және әлеуметтік тиімділігін көрсетті. Жоба басталғалы 18,3 млрд теңге бөлініп, 24 ауылдағы 4 мыңға жуық адам өз кәсіптерін ашты, – дейді аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов.

Нәтижесінде осы жобамен қамтылған ауыл тұрғындарының орташа табысы 44 мың теңгеден 135 мыңға артпақ.

Біз алдағы 2024-2025 жылдары республикалық бюджет есебінен 45,5 млрд теңгеге қалған 103 ауылдық округтегі 490 мың тұрғынды қамтуды жоспарлап отырмыз. Осы жоба іске асқан елді мекендердегі әлеуметтік мәселелерді кешенді түрде шешу қолға алынуда. Атап айтсақ, аталған 24 ауылдық округтің инфрақұрылымына 9,5 млрд теңгеге 183 жоба іске асырылуда, – дейді облыс әкімі Нұржігітов.

Ал 2025 жылға қарай жобамен қамтылған елді мекендердің әлеуметтік игіліктермен, қызметтермен қамтамасыз ету деңгейін 92,2 пайызға жеткізу көзделуде. Жалпы, 2019-2022 жылдар аралығында «Ауыл аманаты» пилоттық жобасымен қамтылған 24 ауылдық округтегі 58 ауылда осы жылдары 34,2 миллиард теңгеге 240 жоба іске асырылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға