Ақмарал Ағзамқызы
El.kz тілшісі
Ақмарал Ағзамқызы 1998 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген. 2015-2019 жылы Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және саясаттану факультетінде білім алған. 2021 жылы әлеуметтік ғылымдар магистрі атанды. «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі, 5q.kz сайтының авторы болған. 2022 жылдың маусымынан бастап El.kz сайтында жұмыс істейді. 2024 жылы «Мемлекеттік тіл және БАҚ»республикалық байқауының III орын иегері, 2025 жылы Amanat Media байқауының жеңімпазы атанды.