Жаңалықтар

Аустралиялық компания еліміздің жер қойнауын бұрғылауға құштар

Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін нақты іс-шараларды көздейтін екіжақты құжатты әзірлеуге келісті.
Аустралиялық компания еліміздің жер қойнауын бұрғылауға құштар
Фото: intergas.kz 16.08.2022 04:35 979

Экология министрі Серікқали Брекешев «Fortescue Metals Group Ltd» директорлар кеңесінің төрағасы д-р Эндрю Форрестпен экология және геология саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды EL.KZ.

Министрліктің мәліметіне қарағанда, Брекешев Қазақстан пайдалы қазбалар қорлары бойынша және көптеген түрлердің расталған қорлары бойынша әлемде көшбасшы орынға ие екенін, әлемнің жетекші елдерінің алғашқы ондығына кіретінін атап өтті.

Сонымен қатар, Министр «Fortescue Metals Group Ltd» компаниясының тәжірибесін, сондай-ақ әлемдегі темір кенін өндіру көлемі бойынша озық позицияларды атап өтіп, осы бағыттағы «жасыл» жобаларды бірлесіп іске асыру мәселесін қарастыруды ұсынды.

Кездесу барысында «Fortescue Metals Group Ltd» компаниясының өкілдері кен орындарының қорларын цифрландыру саласындағы ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.

Экологиялық кодексті іске асыру, сондай-ақ геологиялық барлау бұрғылауына экологиялық рұқсат алу процесі мәселелері талқыланды.

Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін нақты іс-шараларды көздейтін екіжақты құжатты әзірлеуге келісті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға