bbc.com

Аустралияда иммиграцияға қарсы наразылық шарасы өтті

Жексенбі күні мыңдаған австралиялық азамат елдің ірі қалаларында иммиграцияға қарсы наразылық акциясына шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

«Австралия үшін марш» атауымен митингілер Сидней, Мельбурн және басқа да қалаларда ұйымдастырылды.

Шеруге оппозициялық саясаткерлер де қосылды. Олардың қатарында «Бір ұлт» партиясының сенаторы Полин Хансон мен федералдық депутат Боб Каттер бар. Алайда Австралия үкіметі бұл шерулерді «оңшыл радикалдармен байланысты» деп сынап, олардың «жеккөрушілік тарататынын» атап өтті.

ABC Australia дерегінше, Сиднейдегі митингке 8 мыңға жуық адам жиналған. Қалада жүздеген полиция қызметкері жұмылдырылғанымен, «елеулі тәртіп бұзушылықтар» тіркелмеген. Мельбурнде иммиграцияға қарсы шыққандар мен Палестинаны қолдаған шерушілер арасында қақтығыс орын алды. Сондай-ақ елге танымал неонацист Томас Сьюэлл парламент ғимаратының баспалдағынан халыққа сөз сөйледі.

Ал Аделаида қаласында полицияның бағалауынша, марштар мен қарсы шерулерге 15 мыңға жуық адам қатысқан. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, көпшілік «жалпы алғанда тәртіпті сақтаған».