Жаңалықтар

Australian open: Асылжан Арыстанбекова ширек финалға шықты

Australian open: Асылжан Арыстанбекова ширек финалға шықты
Фото: Қазақстан теннис федерациясы 23.01.2024 17:13 1029

Аустралияда теннистен өтіп жатқан Australian open турнирінде Асылжан Арыстанбекова жасөспірімдер жарысының ширек финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол Беларусьтің өкілі Юлия Перепихинамен бірге Жапонияның спортшылары Хаю Киносита мен Вакана Сонобені жеңді.

Бірінші партияда Арыстанбекова мен Перепихина қарсыластарын 6:4 есебімен жеңсе, екінші партияда Күншығыс елінің теннисшілері 6:2 есебімен есе қайтарды. Осыдан кейін супер тай-брейкте Арыстанбекова мен Перепихина қолдан шығып бара жатқан ұпайды ұстап қалып, 10:7 есебімен айласын асырды.

Енді Асылжан Арыстанбекова мен Юлия Перепихина ¼ финалға шығу үшін жарыстың екінші ракеткалары, ұлыбританиялық Ханна Клагменмен және Мингге Сюйменмен кортқа шығады.

Халық үнінің хабарлауынша, Қазақстанның бірінші, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина болса, Аустралияның ашық чемпионатындағы жеңілістен кейін сәл үзіліс жасап, Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы – Әбу-Даби қаласында болатын Mubadala Abu Dhabi Open WTA 500 халықаралық турниріне қатысады.

Турнир 3-11 ақпан аралығында болады. Жарыстың жалпы жүлде қоры – 922 573 АҚШ доллары. Жеңімпаз 142 мың доллар мен 500 ұпай алса, финалға шыққан теннисшіге 87 655 доллар мен 325 ұпай беріледі.

Бұл додаға Рыбакинадан басқа, әлемнің үздік 20 спортшысының қатарындағы Онс Жабер, Мария Саккари, Барбора Крейчикова мен wild card алған Наоми Осака бақ сынайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға