Ауруханадан қашқан сотталушы танысының үйінен табылды
26.10.2025 15:01
Фото:
©El.kz
Түркістан облысының полицейлері ауруханадан қашып кеткен сотталушыны қолға түсірді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ол Түркістан қаласында өз танысының үйінен ұсталған.
Қазір ұсталған адам тергеу изоляторына қамалды. Барлық мән-жайды анықтау мақсатында қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Оқиға 23 қазанда болған. Ер адам ем қабылдап жатқан медициналық мекемеден өз бетімен кетіп қалған. Оны ұстау үшін полицияның барлық жеке құрамы жұмылдырылып, бақылау бекеттері қойылды.
Бұған дейін бұл жағдай бойынша қызметтік тексеріс басталған еді. Тексеру нәтижесінде кінәлілерге қатысты ең қатаң шаралар қолданылатыны айтылды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

