©Pixabay.com

Ауруханада науқастарға берілген тамақтан құрт шықты

14.03.2024 11:48

Ақмола облысы Степногор қаласындағы ауруханада науқастарға құрттаған тағам берілген, деп хабарлайды EL.kz aқпарат агенттігі.

Сорпа ішінде құрттардың қалқып жүрген емделушілер видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде таратқан.  

Аурухананың инфекциялық бөлімшесіне балаларымен ем-дом алуға келген жалпы ауруханадағы тағамға көңілі толмайтынын айтты. Ақмола облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті басшысының орынбасары Серік Омарханов аумақ басқармасымен жоспардан тыс тексеріс жүргізілгенін мәлімдеді.

Ол тексеріс прокуратура органдарына тіркеліп жүргізіледі. Бұған дейін ол тексерілген, жоспарлы түрде, биыл ақпан айында болған, – деді ол.

Санитария-эпидемиологияны бақылау департаментінің өкілі аталған факті бойынша ондай бұзушылықтар бомағанын алға тартады.