Жаңалықтар

Ауғанстандықтар жалған құжатпен Алматы арқылы Еуропаға аттанбақ болған

Ауғанстандықтар жалған құжатпен Алматы арқылы Еуропаға аттанбақ болған
Фото: ҚР ҰҚК 20.03.2024 10:05 770

ҰҚК Ауғанстан азаматтарының Қазақстан аумағы арқылы Ресейге және одан әрі Еуропа елдеріне заңсыз көші-қон арнасының жолын кесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҰҚК мәліметінше, 16 наурызда лауазымды тұлғаға 5 мың АҚШ доллары көлемінде пара беру кезінде Ауғанстанның төрт азаматы ұсталды.

Тергеу материалдарына сәйкес, бұл қаражат шетелдіктерді Испания мен Португалияның жалған төлқұжаттары бойынша Алматы қаласының халықаралық әуежайы арқылы тасымалдауды ұйымдастыруға арналған. Қылмыстық кодекстің 394-бабының 1-бөлігінде және 367-бабында көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды, - делінген мәліметте.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға