Жаңалықтар

Ауғанстандық студент қыздар Қазақстанда білім алуы мүмкін

Бұл туралы СІМ мәлім етті
Ауғанстандық студент қыздар Қазақстанда білім алуы мүмкін
Фото: gov.kz 23.01.2023 19:26 1098

БҰҰ Бас хатшысының бірінші орынбасары Амина Мохаммедтің Қазақстанға сапары аясында ол ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаровпен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Келіссөздердің негізгі тақырыптары 2030 жылға дейінгі Орнықты даму саласындағы күн тәртібін іске асыру, гендерлік теңдік мәселелері және Ауғанстандағы ахуал болды.

Кездесу барысында Қазақстанның Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ Өңірлік орталығын құру жөніндегі бастамасына ерекше назар аударылды. Қ. Омаров БҰҰ тарапының қазақстандық бастаманы қолдайтынына және іске асыруға жәрдемдесетініне үміт білдірді.

Өз кезегінде БҰҰ өкілі Қазақстанның 2030 жылға дейінгі күн тәртібін іске асырудағы белсенді ұстанымын жоғары бағалады және Қазақстанның Ауғанстандағы тұрақтылықты қолдауға, атап айтқанда гуманитарлық көмек көрсету және ауған қыздарын ҚР жоғары оқу орындарында оқытуға мүмкіндік беру жолындағы күш-жігерін атап өтті.

Тараптар сондай-ақ ҚР-БҰҰ ынтымақтастығының өзекті мәселелерін қарастырып, жан-жақты әріптестікті нығайту мақсатында одан әрі өзара іс-қимыл жоспарларын белгіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға