bbc.com

Ауғанстан мен Пәкістан шекарасында қарулы қақтығыс тіркелді

13.10.2025 02:28

Ауғанстандағы «Талибан» үкіметі Пәкістан әскеріне елдің солтүстігіндегі таулы өңірлерде соққы бергенін растады. Құрбандардың нақты саны әзірге белгісіз. Талибан өкілдері бұл әрекетті «жауап операциясы» деп атап, Пәкістан әуе күштері бұған дейін Ауғанстан аумағындағы базарды бомбалағанын мәлімдеді, деп жазады El.kz интернет порталы.

Өз кезегінде Пәкістанның ішкі істер министрі Мохсин Накви бұл шабуылды «еш себепсіз жасалған әрекет» деп сипаттап, ауған әскерін бейбіт тұрғындарға оқ атқан деп айыптады. Ол Исламабадтың бұл жағдайға жауап беретінін ескертті.

Пәкістан тарапы Кабулды ел аумағында террорлық топтарға баспана беріп отыр деп кінәлайды, ал Талибан бұл айыптауларды теріске шығарды.

BBC дерегінше, екі жақ та Пәкістанның Куррам округінде атыс қаруы мен артиллерия қолданған. Қақтығыс Ауғанстан сыртқы істер министрінің Үндістанға тарихи сапары кезінде өршіген. Сарапшылар мұны аймақтағы саяси және әскери шиеленістің жаңа кезеңі деп бағалап отыр.