©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney

Ауғанстан интернетсіз қалды

Ауғанстан аумағында интернет байланысы толықтай үзілді. Бұл туралы халықаралық NetBlocks интернетті бақылау қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.

Қазіргі сәтте Ауғанстан толықтай интернетсіз отыр. Бұған «Талибан» билігінің «нәзік мінез-құлық нормаларын сақтау» мақсатында қабылдаған шаралары себеп болды, – делінген қызметтің Telegram-арнасында жарияланған мәлімдемеде.

Сонымен қатар телефон байланысының да жұмысы бұзылғаны айтылды.

Бұған дейін ауғанстандық БАҚ Ислам Әмірлігінің жоғарғы көшбасшысы Хайбатулла Ахунзада елдің бірқатар өңірінде кабельді интернетті пайдалануға тыйым салуға бұйрық бергенін хабарлаған. Оның айтуынша, мұндай қадам «адамгершілікке жат әрекеттердің алдын алу үшін» жасалған. Алайда бұл шешім мемлекеттік қызметтердің жұмысын қиындатты.