Астанадағы әуежайдың баспасөз қызметі ұшып-қону орындарында айтуға болмайтын сөздердің тізімін ұсынды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ондағы мәліметке сүйенсек, жолаушылар мен келушілерге әуежайларда бомба, жарылыс, қару туралы тіпті «әзілдеп» айтуға да тыйым салынған. Егер мұндай сөздер айтылатын болса, қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Атап айтқанда, бұл сөздерді айтқандарға Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша 5000 АЕК-ке дейін айыппұл немесе 2 жылға дейін бостандығың шектелуі мүмкін.
Қызметкерлер мұндайға міндетті түрде байыппен қарайды. Видео түсіріп жатсаң да, контент үшін еркіндігіңе қауіп төндірме, - делінген мәліметте.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

