Жаңалықтар

Әуежайда бомбалар салынған сәлемдемелер табылды

Әуежайда бомбалар салынған сәлемдемелер табылды
Фото: URA.ru 13.03.2025 18:43 540

Челябі әуежайында Федералдық қауіпсіздік (ФҚҚ) қызметкерлері бомбалар жасырылған сәлемдемелерді анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ресей ФҚҚ оқиға орнынан түсірілген кадрларды жариялап, күдіктінің жауап алынған сәтін көрсетті. Жарылғыш құрылғы парфюмериялық жиынтық ретінде мұқият жасырылған.

ФҚҚ Ресейдің қоғамдық байланыс орталығы (ЦОС) таратқан кадрларға сәйкес, қауіпті сәлемдемені әуежайдағы тексеру барысында сканерлеу құрылғысы арқылы анықтаған. Жарылғыш заттар қауіпсіз аймаққа шығарылып, саперлердің көмегімен залалсыздандырылды. Қауіпсіздік қызметкерлері күдіктіні Первоуральск қаласында ұстады. Ол жарылғыш құрылғылар сыйлық ретінде оралған парфюмериялық жиынтықтарға жасырған.

Сәлемдемелер әуежайдан Мәскеу, Воронеж, Краснодар өлкесі және Саратов облысына жөнелтілуі тиіс болған. Ораманы ашқан сәтте жарылыс іске қосылуы жоспарланған.

ФҚҚ мәліметінше, күдіктіге бұл тапсырма үшін 6000 АҚШ доллары уәде етілген. Алайда ол тапсырманы орындағаннан кейін тапсырыс берушілер байланысын үзген, ақшаны төлемеген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға