Жаңалықтар

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасында жас сарбаздар ант берді

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасында жас сарбаздар ант берді
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі 04.06.2024 03:36 510

Ақтау қаласындағы Әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасында көктемгі шақырылған сарбаздардың салтанатты ант беру рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Іс-шараға бөлім командирлері, Қарулы күштердің ардагерлері, интернационалист-жауынгерлер, «Сарбаз аналары» кеңесінің мүшелері, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе облыстары мен Астана қаласынан әскерге шақырылған сарбаздардың туыстары мен жақындары қатысты. Жас жауынгерлер Отанды қорғауға және әскери қызметтің ауыртпалықтарын табандылықпен көтеруге ант берді.

Әскерге шақырылған сәттен бастап сарбаздар қарқынды оқыту курсынан өтті. Бір ай ішінде олар жас жауынгердің дағдыларын игеріп, әскери бөлімнің тарихымен және жауынгерлік дәстүрлерімен танысты. Қару-жарақ пен техниканың тактикалық-техникалық сипаттамаларымен танысып, сондай-ақ саптық, мемлекеттік-құқықтық және атыс дайындығынан өтті.

Біз бір айда  жаңа жағдайға бейімделіп, көп нәрсені үйрендік. Қарулы күштер қатарына қосылып, Отанға абыройлы қызмет етуге дайынбыз, - деді Түркістан облысынан шақырылған қатардағы жауынгер Аңсар Меделханов.

Жас жауынгерлер қонақтарға қоян-қолтық ұрыс тәсілдері және қару-жарақпен дефиле көрсетті. Іс-шараға қатысушыларға қару-жарақ пен әскери техниканың үлгілерін тамашалауға, әскери қызметтің қыр-сырымен танысуға мүмкіндік берілді. Шара соңында офицерлер мерзімді әскери қызметін өтеуге кіріскен жас сарбаздардың ата-аналарымен кездесу өткізіп, оларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді.

Ант қабылдаған сарбаздар Жаңақазан және Бейнеу ауылдарында, Атырау, Жаңаөзен және Форт-Шевченко қалаларында орналасқан әскери бөлімдерде қызметін жалғастырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға