Жаңалықтар

Әуе компаниясы домбыраны қорлады деп жылаған айтыскер қызға жауап берді

Әуе компаниясы домбыраны қорлады деп жылаған айтыскер қызға жауап берді
Фото: instagram.com/tleutai.aisholpan 05.05.2023 11:32 2486

Айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай әуежайда FlyАrystan қызметкерлері домбыраны ұшаққа кіргізбей, өзін жұлқылағанын айтқан болатын. Осыған байланысты әуе компаниясы жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Әлеуметтік желіде видео қызу талқыға түсткен. Оның айтуынша, компания қызметкерлері «домбыраны ұшаққа кіргізбейсің» деп елдің көзінше домбырасымен бірге жұлқылаған.

«Біз домбыраны өткізбейміз немесе сізді рейстен түсіреміз» деді. Қолымда қазақтың домбырасы, жолымда тұрмаңыз деп ары қарай кеттім. Бірақ  әлгі қыз киімімнен тартып, мені итеріп, қолымдағы домбыраны алайын деп қолымнан тартып, өзінің шамасы жетпеген соң тағы бір қызды шақырды, - дейді ақын.

Ел шулаған соң, әуе компаниясының өкілдері музыкалық аспаптар үшін жеке орын сатып алу керегін мәлімдеді. 

Видеоматериалды тексеру кезінде және компания қызметкерлерінің есебіне сәйкес жолаушының өтінішті ескермегені анықталды. Әрі қызметкерді итеріп, балағаттаған, кейін бортқа мініп кеткен, - делінген хабарламада.

Рейсті кешіктірмеу үшін жолаушыны ұшақтан түсірмеу туралы шешім қабылданған. Себебі ережеге сәйкес барлық жолаушыны шығарып, қайта тексеру жүргізу керек екен. 

Әуе компаниясының өкілдері дәстүр мен ұлттық аспаптарды құрметтейтінін, бірақ заң барлығына ортақ екенін де атап өтті. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға