Жаңалықтар

Аударыспақтан үш салмақ дәрежесі бойынша финалистер анықталды

Аударыспақтан үш салмақ дәрежесі бойынша финалистер анықталды
Фото: Аударыспақ федерациясы 09.09.2024 14:15 302

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында аударыспақтан 60, 70 және 80 келі салмақ дәрежесінде финалистер мен қола жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Финалға жолдама алған балуандар:

60 келі:

Ермек Құралбай (Қазақстан)

Жексенбек Тұрдыбек (Қырғызстан);

70 келі:

Бақытгүл Райханұлы (Қырғызстан)

Алмат Ләтіпбек (Қазақстан);

80 келі:

- Дарын Өткелбай (Қазақстан)

- Нодиржан Джунайдуллаев (Өзбекстан);

 Ал қола жүлде ие болғандар:

60 келі:

Меліс Наурызбек (Моңғолия)

Алмас Камалдинов (Ресей);

70 келі:

Кодиржон Егамбердиев (Өзбекстан)

Өміртай Еркінбек (Моңғолия);

80 келі:

Қалыбек Бұзурманқұлұлы (Қырғызстан)

Илнұр Губайдуллин (Ресей);

Бүгін, 9 қыркүйек күні сағат 16:00-де Этноауыл аумағында аударыспақтан финалдық белдесулер өтеді. Жарысты «Астана» және «Хабар» телеарналарынан тікелей эфирде көруге болады.

Жарыс Астанадағы этноауыл аумағында өтіп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға