Жаңалықтар

Аударыспақтан Қазақстан бес алтын, бір күміс медаль жеңіп алды

Аударыспақтан Қазақстан бес алтын, бір күміс медаль жеңіп алды
Фото: Қазақстан аударыспақ федерациясы 10.09.2024 19:38 333

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында аударыспақ бәсекесі аяқталды. Алты салмақтың бесеуінде Қазақстан, біреуінде Қырғызстан күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жарыстың екінші күнінде 90, 100, +100 келі салмақ бойынша жүлделер сарапқа салынды. Атап айтсақ, 90 келі салмақ дәрежесінде қырғызстандық Ислам Бердібекұлы топ жарды. Екінші орын қазақстандық Есімхан Рахматілләға бұйырды. 

Ал 100 келіде қазақстандық Сырым Ізбасаров тең келетір ешкім болмады. Ол финалда Моңғолиядан келген Ерболат Жеңісбекті таза жеңді. 

Ал 100 келіден жоғары салмақта тағы бір қазақстандық Біржан Қосалиев үздік шықты. Финалда қырғызстандық Күмушбек Қыдырәлиевтен басым түсті. 

Кеше 60,70, 80 келіге дейін салмақта жеңімпаздар анықталды.

Марат Жұман, Халықаралық ат үсті күресі федерациясының және Қазақстан аударыспақ федерациясының президенті: «Мен спортшыларымызды мақтан тұтамын. Олар нағыз жауынгерлер. Өйткені, ат үстіндегі күресте жеңіске жету үшін әрі мықты балуан, әрі шебер шабандоз болу керек. Ұлы бабаларымыздай батыл да епті болуымыз қажет. Дүниежүзілік ат үсті күрес федерациясының президенті ретінде барлық балуандардың дайындығы жоғары екенін атап өткім келеді. Дүниежүзілік көшпенділер ойындары сияқты жарыстардың арқасында ұлттық спорт түрлерінің халық арасында танымал бола бастағанына өте қуаныштымын».

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары. Аударыспақтан жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

60 келі:

1).Ермек Құралбай (Қазақстан)
2). Жексенбек Тұрдыбек (Қырғызстан)
3).Меліс Наурызбек (Моңғолия)
3).Алмас Камалдинов (Ресей);

70 келі:

1).Алмат Ләтіпбек (Қазақстан)
2). Бақытгүл Райханұлы (Қырғызстан)
3).Кодиржон Егамбердиев (Өзбекстан)
3).Өміртай Еркінбек (Моңғолия);

80 келі:

1).Дарын Өткелбай (Қазақстан)
2). Нодиржан Джунайдуллаев (Өзбекстан)
3). Қалыбек Бұзурманқұлұлы (Қырғызстан)
Илнұр Губайдуллин (Ресей);

90 келі:

1).Ислам Бердібекұлы (Қырғызстан)
2). Есімхан Рахматіллә (Қазақстан)
3).Инсат Хусайынов (Ресей)
3). Азизбек Зокиржонов (Өзбекстан).

100 келі:
1). Сырым Ізбасаров (Қазақстан)
2). Ерболат Жеңісбек (Қырғызстан)
3). Кулсар Даниел (Мажарстан)
3). Турдыкул Абдрахманов (Қырғызстан).

+ 100 келі:
1). Біржан Қосалиев (Қазақстан)
2). Кумушбек Қыдырәлиев (Қырғызстан)
3). Валентин Лакатос (Мажарстан)
3). Шәйітхан Қаржаубай (Моңғолия).

«Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда өткен аударыспақтан бәсекеге 9 мемлекеттен, 64 спортшы қатысты. Олар: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Түркия, Венгрия, Қытай, АҚШ және Ресей. 

 Бір айта кетерлігі, алғаш рет АҚШ пен Түркияның балуандары өнер көрсетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға