Жаңалықтар

«Аудандық соттың мүмкіндігі шектеулі». Ерлан Қошанов Бишімбаевтың соты туралы

«Аудандық соттың мүмкіндігі шектеулі». Ерлан Қошанов Бишімбаевтың соты туралы
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 13.03.2024 14:35 637

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды EL.kz aқпарат агенттігі.

Ол бұл істің қоғамның ерекше бақылауында екеніндігін атап өтті.

Қазіргі таңда сот процесі жүріп жатыр. Біріншіден, сот процесіне депутат болсын, журналист болсын және басқа да лауазымды қызметте жүрген азамат араласуға ешқандай құқығы жоқ. Екіншіден, бұл іс үлкен резонанс тудырды. Шынында да жантүршігерлік оқиға. Қоғамның ерекше бақылауында деп айтуға болады. Президент осы оқиға бойынша тергеу жұмыстарын дұрыс жүргізуге тапсырма берді. Өз бақылауында ұстап отыр. Сондықтан осындай қоғамдық бақылау бар кезде ешқандай құқық бұзушылық болмау керек деп ойлаймын. Сот шешім шығаруға дербес. Әділ үкім шығаратынына сенеміз, - деді Қошанов Мәжіліс кулуарында.

Мәжіліс төрағасы Бишімбаевтың сотына журналистердің кіргізілмеуіне қатысты пікірімен бөлісті.

Соттың ғимаратында болдыңыздар. Ғимараттағы залдың шағын екенін көрдіңіздер. Менің ойымша, залдың да, аудандық соттың да мүмкіндігі шектеулі, - деді ол.

Қошанов сот процесінің ашық жүргізіліп жатқанына тоқталды.

Сот ашық жүргізіліп жатқанын көріп отырмыз. Мен де сіздер сияқты ақпарат құралдарынан, тікелей эфирден  көріп отырмын. Сот үкім шығаруда немесе қандай форматта сот процесі жүргізілсе де өздері дербес шешім қабылдайды. Бүгінде онлайн режимде сіздерге барлық ашық ақпарат беріліп жатыр, - деп пікір білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға