Жаңалықтар

Ауа райы. Аптап ыстық оңтүстік өңірлерге жылжыды

Ауа райы. Аптап ыстық оңтүстік өңірлерге жылжыды
28.06.2022 07:27 1647

28-29 маусымда күндері Қазақстанның тоғыз өңірінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды EL.KZ Қазгидрометке сілтеме жасап. 

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с жел тұрады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде 40 градус қатты ыстық күтіледі. Таразда 28-29 маусымда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Қызылорда облысында 41 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылордада 28 маусым күні күндіз 41 градус ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстік жартысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады. Оралда 28 маусымда күндіз найзағай ойнайды. 

Қарағанды ​​облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Ұлытау облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус ыстық сақталады. Қонаевта 28 маусымда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. 

Жетісу облысының таулы аймақтарында найзағай күтіледі. Күндіз 35-38 градус ыстық сақталады. Талдықорғанда 28 маусымда күндіз 35-38 градус ыстық. 

Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай жарқылдайды. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға