Жаңалықтар

Ауа температурасы: елімізде 78 жыл бұрынғы рекорд жаңарды

Ауа температурасы: елімізде 78 жыл бұрынғы рекорд жаңарды
Фото: © Pixabay.com 12.03.2024 18:35 4618

Ақпанның бірінші онкүндігінде Қазақстанның барлық аумағында айтарлықтай күн жылынып, температуралық режимде де, жауын-шашын мөлшері бойынша да рекордтар орнатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазгидромет мәліметінше, 8-10 ақпанда жылу мен ылғалдың үлкен қоры бар Атлантикалық циклон Қазақстан аумағының басым бөлігінде температуралық фонның жоғарлауына және қатты жауын-шашынның түсуіне себеп болды. Мысалы, 8 ақпанда Ақтау метеостанциясында (бұдан әрі - М) (Маңғыстау облысы) ауаның ең жоғары температурасы +11,8°С, 2004 жылғы (+11,1°С) рекорд жаңартылды, Атырау (Атырау облысы) бойынша абсолюттік максимум +10,0°С құрады, осылайша 2020 жылғы (+9,4°С)  рекорд жаңартылды, Орал М (Батыс-Қазақстан облысы) термометр бағанасы +2,8°С белгісіне жетті, осылайша 1958 жылғы (+2,4°С) рекорд жаңартылды, Қызылордада ең жоғары ауа температурасы +14,5°С болды, 2020 жылғы рекорд (+12,5°С) жаңартылды, Павлодарда (Павлодар облысы)  абсолюттік максимум +4,1°С болды, осылайша, 2015 жылғы (+3,4°С) рекорд жаңартылды, Түркістанда (Түркістан облысы) +16,8°С белгіленді, осылайша 2006 жылғы (+15,4°С)  рекорд жаңартылды, дегенмен, жалпы Түркістан облысы бойынша бұл күні +20°С дейін жылынды. 

10 ақпанда Ақтау М абсолюттік максимум +11,4°С құрады, осылайша 1990 жылғы (+11,1°С)  рекорд жаңартылды, Алматыда абсолюттік максимум +15,4°С құрады, 2015 жылғы (+14,4°С) рекорд жаңартылды, Жезқазған М (Ұлытау облысы) термометр бағанасы +2,8°С белгіге жетті, 1996 жылғы (+2,6°С) рекорд жаңартылды, Қарағандыда (Қарағанды облысы) ауаның ең жоғары температурасы +4,5°С байқалды, осылайша 1946 жылғы рекорд (+2,9°С) жаңартылды, Қызылордада (Қызылорда облысы) күн +15,0°С дейін жылынды, 1996 жылғы (+12,6°С) абсолюттік максимум жаңартылды, Павлодарда (Павлодар облысы)  ауаның ең жоғары температурасы +4,8°С тіркелді, бұл 1999 жылғы рекордтан жоғары болды (+2,4°С), Семейде (Абай облысы) абсолюттік максимум +5,6°С құрады, осылайша 2020 жылғы (+3,7°С) рекорд жаңартылды.

Ақпан айында республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормадан 1,3-6,6 есе көп болды. Мысалы, 6 ақпанда Атырау облысында жауын-шашын айлық нормадан көп түсті: Атырауда -14 мм ( норма 12 мм), Қарабау М - 15 мм, бір айда норма 12 мм, Пешной М - 12 мм (норма 10 мм), 7 ақпанда Қаратөбе М (Батыс Қазақстан облыс) - 18 мм (норма 15 мм), 9 ақпанда Красноармейка М (Павлодар облысы) - 14 мм, бір айда норма 10 мм, 11 ақпанда Лениногорск М (Шығыс Қазақстан облысы) - 24 мм (норма 22 мм), Үлкен Нарын М - 18 мм (норма 15 мм), Жалғызтөбе М (Абай облысы) - 23 мм (бір айдағы норма 13 мм), Қарауыл М (Абай облысы) - 23 мм (норма 7 мм), 15 ақпанда Теректі М (Шығыс Қазақстан облысы) - 28 мм (норма 23 мм), Қайнар М (Абай облысы) - 8 мм (норма 6 мм), Шалабай М - 22 мм (норма 17 мм), Қарауыл М - 20 мм (норма 13 мм), Самарка М - 26 мм (норма 23 мм), 16 ақпанда Қарашоқы М (Алматы облысы) - 17 мм (норма 14 мм), Шелек М-де (Алматы облысы) - 19 мм (норма 17 мм) түсті.

Елордада 9 ақпанда термометр бағанасы +4°С белгісіне жетті, 2004 жылғы рекорд жаңартылды (+1,1°С), ал ең төменгі ауа температурасы 16 ақпанда -33,2°С тіркелді. Бір айдағы орташа ауа температурасы -13,5°С болды, бұл норма шамасында болды (норма: -13,6°С). Бір айда жауған атмосфералық жауын-шашын мөлшері 27,5 мм құрады, бұл нормадан 1,6 есе асып түсті, бір айдағы норма 17 мм.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға