©El.kz

Ауа райына байланысты тағы екі облыста жол жабылды

Қарлы боран мен көру қашықтығының нашарлауына байланысты еліміздің екі өңірінде көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

8 қараша 2025 жылы сағат 16:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты ауыр жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді, – делінген хабарламада.

Ақмола облысында шектеу 30–92 шақырымдық аралықта (Жібек Жолы ПВП – Қарағанды облысының шекарасы) енгізілді.

Қарағанды облысында қозғалыс 92–164 шақырымдық (Ақмола облысының шекарасы – Теміртау ПВП) аралықта тоқтатылды.

Сағат 18:00-ден бастап осы учаскелерде барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша тыйым салынды.

Жол қозғалысын қалпына келтіру уақыты – 9 қараша сағат 08:00 деп жоспарланып отыр.

Төтенше жағдайлар қызметі жүргізушілерге ауа райы жақсарғанша сапарға шықпауға кеңес берді.