Жаңалықтар

Ауа райына байланысты еліміздегі 12 учаскеде жол жабылды

Ауа райына байланысты еліміздегі 12 учаскеде жол жабылды
Фото: © El.kz 18.01.2024 10:32 831

Ауа райына қолайсыздығына байланысты еліміздегі 12 учаскеде жол жабылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, 3 облыста республикалық жолдардың 12 учаскесінде көліктердің барлық түрі үшін шектеу енгізілді.

Шығыс Қазақстан облысында 1 учаске:

«Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахманов кілттері» автожолының 46-66 шақырымы, Северное ауылынан Серебрянск қаласына дейінгі аралық – 79 шақырым.

Жамбыл облысында 1 учаске:

«Алматы-Ташкент-Термез» тасжолының 159-238 шақырымы, Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейін (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы іске асырылады) – 79 шақырым.

Батыс Қазақстан облысында 10 учаске:

«Орал-Тасқала-РФ шекарасы» автожолының 4-104 шақырымы, Орал қаласынан РФ шекарасына дейінгі аралық – 100 шақырым.

«Чапаево-Жалпақтал-Казталовка» автожолының 0-213 шақырымы, Чапаево ауылынан Казталовка ауылына дейін – 213 шақырым.

«Өнеге-Бисен-Сайхин» жолының 0-103 шақырымы, Өнеге ауылынан Сайхин ауылына дейін – 103 шақырым.

«Казталовка-Жәнібек-РФ шекарасы» – 0-158 шақырым, Казталовка ауылынан Жәнібек ауылына дейін – 158 шақырым.

«Самара-Шымкент» тасжолының 195-251 шақырымы, РФ шекарасынан Орал қаласына дейінгі аралық – 56 шақырым.

«Самара-Шымкент» автожолының 261-393 шақырымы, Подстепное кентінен Жымпиты кентіне дейінгі аралық– 132 шақырым.

«Атырау-Орал» тасжолының 189-492 шақырымы, Атырау облысының шекарасынан Орал қаласына дейінгі аралық – 303 шақырым.

«Орал-Теплое» жолының 5-33 шақырымы, Орал қаласынан РФ шекарасына дейінгі аралық – 28 шақырым.

«Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы» жолының 0-36 шақырымы, Подстепное кентінен Федоровка ауылына дейін – 36 шақырым.

«Жайық өзені арқылы өтетін көпір өткелі» жолының 0-14 шақырымы, Подстепное кентінен Құс фабрикасына дейінгі аралық – 14 шақырым.

Қазір республикалық маңызы бар автожолдарды қардан тазалауға 725 техника және 1 372 адам жұмылдырылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға