Жаңалықтар

Ауа райына байланысты бірнеше облыста жол жабылды

Ауа райына байланысты бірнеше облыста жол жабылды
Фото: GOV.KZ 14.01.2024 10:49 900

6 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 21 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.

Ақмола облысында – 3 учаске

1."Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" 232-260 км, Қостанай облысы шекарасынан Сұрган ауылына дейін – 28 км.

2."Жезқазған-Петропавл" 537-552 км, Бұзылық ауылынан Сұрған ауылына дейін – 15 км.

3."Жақсы-Есіл-Бұзылық" 70-82 км, Ақсай ауылынан Бұзылық ауылына дейін – 12 км.

Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады (екпінді жел, бұрқасын, шектеулі көрініс)

Ақтөбе облысында – 2 учаске

1."Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай" 89-234 км, Т.Жүргенов ауылынан Қостанай облысы шекарасына дейін – 145 км. (Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты, бұрқасын, шектеулі көрініс).

2."Самара-Шымкент" 776-965 км, Ақтөбе қаласынан Қарабұтақ ауылына дейін – 189 км.

Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады.

Жамбыл облысында – 1 учаске

"Алматы-Ташкент-Термез" 159-238 км, Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейін – 79 км.

1.Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады (екпінді жел, бұрқасын, шектеулі көрініс.

Жетісу облысында – 2 учаске

1."Сарыөзек-Көктал" 45-68 км, (Алтын Емел өткелінде) – 23 км.

2."Үшарал-Достық" 84-184 км, Көктума стансасынан Достық стансасына дейін – 100 км.

Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады (екпінді жел, шектеулі көрініс).

Қостанай облысында – 11 учаске

1."Екатеринбург-Алматы" 418-467 Қарабалық ауылынан Федоровка ауылына дейін – 49 км.

2."Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай" 234-386 км, Ақтөбе облысы шекарасынан Денисовка ауылына дейін – 152 км.

3."Екатеринбург-Алматы" 555-589 км,Тобыл қаласынан Щербаково ауылына дейін – 34 км.Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлеріне енгізілді.

4.Екатеринбург-Алматы" км. 589-729 км, Щербаково ауылынан СҚО шекарасына дейін – 140 км.

5."Мамлютка- Қостанай" 180-404 км, СҚО шекарасынан Тобыл қаласына дейін – 224 км.

6."Қостанай-Әулиекөл-Сұрган" 8-108 км, Тобыл қаласынан Әулиекөл ауылына дейін – 100 км.

7."Екатеринбург-Алматы" 467-539 км, Федоровка ауылынан Қостанай қаласына дейін – 72 км.

8."Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай" 386-503 км, Денисовка ауылынан Рудный қаласына дейін – 117 км.

9."Денисовка-Жітіқара-Мықтыкөл- РФ шек" 0-137 км, Денисовка ауылынан РФ шекарасына дейін – 137 км.

10."Денисовка-Тавриченка-Аршалы-Комаровка" 0-96 км, Денисовка ауылынан Комаровка ауылына дейін 96 км.

11."Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" 108-232 км, Әулиекөл ауылынан Ақмола облысы шекарасына дейін – 124 км.

Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін енгізілді (бұрқасын, шектеулі көрініс).

Солтүстік Қазақстан облысында – 2 учаске

1."Екатеринбург-Алматы" 729-768 км, Қостанай облысы шекарасынан Тоқсан би ауылына дейін – 39 км.

2."Мамлютка-Қостанай" 103-180 км, Пресновка ауылынан Қостанай облысы шекарасына дейін – 77 км.

Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін енгізілді.

Республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 280 техника және 373 жолшы жұмылдырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға