Жаңалықтар

Ауа райына байланысты Астанадан шығатын трасса жабылды

Ауа райына байланысты Астанадан шығатын трасса жабылды
Фото: gov.kz 20.02.2023 18:50 991

Ауа райының бұзылуына байланысты Астанадан шығатын трасса жабылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҚазАвтоЖол-ға сілтеме жасап.

Бүгін сағат 18.30-дан бастап қалың қар, боран және жолдың нашар көрінуіне байланысты «Астана-Петропавл» тасжолының Астана қаласынан Щучье қаласына дейінгі аралығында (трассаның 18-231 шақырымы) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды.

Сондай-ақ «Қазгидромет» РМК мәліметінше, 21 ақпанда Астанада түнде және таңертең жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға