Ауа райы: Алдағы үш күн жаңбырлы болады
![Ауа райы: Алдағы үш күн жаңбырлы болады Ауа райы: Алдағы үш күн жаңбырлы болады](/storage/storage/element/2023/05/22/mainphoto/51110/1200xauto_5OT99gDIngo1kzi3DJOwUoRYxkT2dj0A6KWO99Jk.jpg.webp)
Алдағы үш күнде елдегі мегаполистерде ауа райы жаңбырлы болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктер 23-25 мамыр аралығында Астана, Алматы мен Шымкент қалаларына болжам жасады.
Астана
23 мамыр – көшпелі бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр жауады деп күтілуде. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні түнде 2-7 м/с, күндіз 7-12 м/с болады. Ауа температурасы түнде 8-10°C, күндіз 23-25°C жылы.
24 мамыр – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 10-12°C, күндіз 23-25°C жылы.
25 мамыр – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 10-12°C, күндіз 23-25 жылы.
Алматы
23 мамыр – көшпелі бұлтты, күндіз ауық-ауық жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 12-14°C, күндіз 21-23°C жылы.
24 мамыр – көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік, солтүстік-шығыстан 3-8 жел соғады, найзағай кезінде екпіні 13 м/с болады. Ауа температурасы түнде 8-10°C, күндіз 18-20°C жылы.
25 мамыр – көшпелі бұлтты, әлсін-әлсін жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде 8-10°C, күндіз 20-22°C жылы.
Шымкент
23 мамыр – көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Шығыстан соғатын желдің күші 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 14-16°C, күндіз 27-29°C жылы.
24 мамыр – көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан күші 8-13, екпіні 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 13-15°C, күндіз 26-28°C жылы.
25 мамыр – көшпелі бұлтты, кейде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан күші 8-13, екпіні 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 10-12°C, күндіз 26-28°C жылы.
![Telegram](https://el.kz/static/site/images/tel26.png)