Жаңалықтар

Ауа райы. 6 өңірде ескерту жарияланды

Күндіз Ақтөбе облысының орталығында, шығысында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді.
Ауа райы. 6 өңірде ескерту жарияланды
Фото: Mordovmedia.ru 23.08.2022 01:08 1053

23 тамызда елдің алты өңірінде қатты жел соғып, төтенше өрт қаупі күтіледі, деп хабарлайды EL.KZ Қазгидромет-ке сілтеме жасап.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Петропавл қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с-қа жетпек. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Жетісу облысының солтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші –15-20, екпіні –25 м/с.

Қызылорда облысының орталығында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз күші 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың басым бөлігінде және Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ақтөбе облысының орталығында, шығысында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға