Ауғанстан: Қасірет пен естелік
Ақмола облысының қоғамдық бірлестіктерінің бастамалары және аймақтық Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен Көкшетау қаласының Достық үйінде өткен жыл сайынғы «Пока мы помним – мы живем» дәстүрлі кездесуі ауған соғысы ардагерлерінің басын біріктірді.
15 ақпан күні кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылуына 30 жыл толды. Ақмола облысынан соғыс әрекеттеріне 1113 адам қатысып, олардың екеуі әлі күнге дейін із-түссіз жоғалғандар қатарында, бір жауынгер табылып, туған жерінде жерленді, 61 адам қаза тапты, 11 адам Қызыл жұлдыз орденімен марапатталды.
ҚР Тәжікстан Республикасының елшілігі жанындағы әскери атташе атынан және Қазақстанның орыс қауымы атынан «Санги-Кабуд» тәжік ұлттық-мәдени орталығы» және «Ақмола облысының орыс қауымы» ҚБ-нің төрағалары Умар Шоназаров пен Александр Артеменко Ақмола облысы бойынша Ауған соғысы мүгедектері мен ардагерлері одағының төрағасы, полиция полковнигі Ыбырай Дуанбайға құттықтау хатын табыс етті.
Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.