Атышулы Мұрат Әбділдә бостандыққа шығады
Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр
23.08.2024 15:22
1242
Әлеуметтік желіде аты шыққан Мұрат Әбділдә бостандыққа шығатын болды,деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы заңгер Молдахан Әділетхан әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.
Оның сөзіне қарағанда, сот қаулысы 15 күннің ішінде күшіне енеді.
Еске салсақ, блогер Мұрат Әбділда мас күйінде қазақ руларының біріне тіл тигіземін деп, рулық алауыздықты қоздырғаны үшін өзінің өтелмеген соттылықтарына тағы да мерзім қосып алған еді. Ол бұдан бұрын екі рет ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша шартты мерзімдерге сотталған, бірақ бұл жолы сот оны қоғамнан 4 жыл 6 айға оқшаулау туралы шешім қабылдады. Сонымен бірге оны алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев Тәжікстанда ұлттық тағамдар көрмесін аралады
Келесі жаңалық
Елімізде мемлекеттік архивтер саны 231-ге жетті