Атыс қаруын жарнамалаған ер адам ұсталды
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
05.06.2023 11:33
770
Әлеуметтік желіде белгісіз ер адам атыс қаруын жарнамалаған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Полиция қызметкерлері оның бейнежазбасын әлеуметтік желілерге мониторинг жасау кезінде анықтады. Ол видеоны 2 маусымда жариялаған. ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, ол Павлодар қаласының тұрғыны болып шықты. Бұрын сотталған.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері ер адамның жеке басын анықтады. Ол Павлодар қаласының бұрын сотталған 33 жастағы тұрғыны болып шықты, одан Стечкин пневматикалық тапаншасы тәркіленді. Сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады, - деді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бекіремен ұсталған браконьерлерге 15 млн теңге айыппұл салынды