Жаңалықтар

Атыс бойынша өткен чемпионатта әскерилер өзара мықтыны анықтады

Атыс бойынша өткен чемпионатта әскерилер өзара мықтыны анықтады
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі 27.05.2023 17:49 775

XIII Спартакиада аясында қорғаныс ведомствосының құрылымдық бөлімшелері арасында табельдік қарудан оқ ату чемпионаты өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жарыста 41 команда атынан 246 әскери қызметші мергендіктерін сынап көрген болатын. Спортшылар Макаров тапаншасы мен Калашников автоматынан дәлдеп атудан шеберліктерін көрсете алды. 

Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Орталық спорт клубы екі құрылым бойынша жарыстар ұйымдастырғанын мәлімдеді. 

Алғашқысында Қорғаныс министрлігі мен Бас штабтың құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері кірді. Екіншісі – Қарулы күштердің бас басқармаларының, басқармаларының, әскери бөлімдері мен мекемелерінің әскери қызметшілері арасында өтті.

Чемпионат қорытындысы бойынша Макаров тапаншасы мен Калашников автоматынан атудан жалпы командалық есепте бірінші орынды Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаментінің құрама командасы, екінші орынды – Ұшқышсыз авиациялық жүйелерді дамыту және қолдану департаменті, үшінші орынды – Әскери өкілдіктер орталығы иеленіп отыр. 

Екінші құрамда бірінші орынды Қарулы күштер Тыл бастығы басқармасының командасы олжалады. Екінші орынға – Ұлттық қорғаныс университетінің спортшылары тұрақтады, үшінші орын 32039 әскери бөліміне бұйырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға