Жаңалықтар

Атыраулық полицейлер өртеніп жатқан үйден 25 адамды шығарды

Атыраулық полицейлер өртеніп жатқан үйден 25 адамды шығарды
Фото: instagram.com/atyrau_tjd 06.05.2023 01:01 1649

Өрттен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

5 мамыр күні сағат 19:32 шамасында Атыраулық полиция қызметкерлеріне 101  Өрт сөндіру арнасынан қала аумағында орналасқан көпқабатты пәтерлердің жоғарғы шатыры өртеніп жатқандығы жөнінде хабарлама келіп түскен. 

Аталған хабарлама бойынша полиция майоры Қуаныш Бозақаев пен полиция капитаны Ерлан Мырзагереев аталған мекен-жайға 4 минутта жеткен. 

Кейін 9 қабатқа пәтер иесімен бірге жедел түрде көтеріліп, тұрғындарды эвакуациялауға кедергі келтіріп қалың қара түтін будақтап жатқан өртті өшіруге кіріскен. Өйткені, шатырдан шыққан өрт жоғары қабаттағы пәтерлердің қылтимасына өтіп пәтерлер өртене бастаған. Қос полицей қауіптің алдын алуға әрекеттеніп, дер кезінде пәтердің өртін ауыздықтап 25 тұрғынды эвакуациялап, қауіпсіз жерге шығарды. 

Көп қабатты үйдің шатырындағы  тілсіз жауды өрт сөндірушілер 1 сағат ішінде толық ауыздықтады. Зардап шеккендер жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға