Жаңалықтар

Атыраулық полицейлер өрт шыққан пәтерден 25 адамды эвакуациялады

Атыраулық полицейлер өрт шыққан пәтерден 25 адамды эвакуациялады
Фото: polisia.kz 19.05.2023 17:46 525

Атыраулық полицейлер өрт шыққан пәтерден 25 адамды эвакуациялады. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

19 мамыр күні сағат 11:40 шамасында Атырау қаласы Әйтеке би көшесі б мекенжайында орналасқан 15 қабатты үйдің дәлізінің қосалқы бөлмесінде өрт шыққан, - делінген мәліметте.

Тәртіп сақшылары төтенше жағдай қызметкерлерімен бірлесіп өртті ауыздықтаған. Қызметкерлердің жедел әрекеті нәтижесінде өртке оранған үйден екі зейнеткер, 10 жасөспірім (оның ішінде төрт нәресте бар) мен 13 пәтер тұрғыны қауіпсіз жерге шығарылып, нәтижесінде 25 адам эвакуацияланды.

Адам өміріне қауіп төнген уақытта ойлануға уақыт жоқ. Сын сағатта дереу әрекет етпесек, кеш қалуымыз мүмкін еді. Оқиға орнына келген кезде өрттің үшінші қабаттан шыққанын байқап, төтенше жағдай қызметкерлерімен дереу әрекет етіп, үй ішінде қалған 25 тұрғынды сыртқа шығардық. Шұғыл шешім қабылдаудың нәтижесінде жарақат алған адам болмады, – дейді өртті ауыздықтаған полицейлер.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға