Атыраулық оқушы Президентке суды үнемдеуге үндейтін суреттерін көрсетті
Ақмарал Ағзамқызы El.kz тілшісі
21.04.2025 12:24
Фото:
Ақорда
Атыраулық оқушы Аружан Ғалымжан Президентке суды үнемдеуге үндейтін суреттерін көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Таза Қазақстан» бастамасы бойынша ұйымдастырылған шығармашылық байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен мыңнан астам оқушы қатысқан болатын.
Мемлекет басшысына байқау жеңімпазының суреті салынған жейде мен шопер сыйға тартылды. Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың жұмыстарына жоғары баға берді.

