Жаңалықтар

Атыраулық дәрігерлер алғаш рет жүрекке күрделі ота жасады

Атыраулық дәрігерлер алғаш рет жүрекке күрделі ота жасады
Фото: Видеодан кадр 22.12.2024 22:35 140

Операция барысында генератордың көмегімен науқастың барлық ішкі құрылысының жұмысы тоқтатылып, жүректің екі қақпашасы ауыстырылды. Екі жақ құлақшынды күйдіру арқылы жүректің қақпашаларына протез салынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Өңірлік коммуникациялар қызметі ұсынған мәліметке сүйенсек, науқастың жағдайы отаға дейін ауыр болған.

Операцияны облыстық кардиологиялық орталықтың кардиохирургы Мақсат Жантурғанов пен Асылбек Қонысов,  анестизиолог Жангелді Кадиров пен перфузиолог Инабат Сүйесинов және Темірболат Лесұлы жасады.

Науқастың орталыққа келген кездегі жағдайы ауыр болды. Жүрек қақпашалары тарылып, жүрек ырғағы бұзылған еді. Кейін барлық тексерістен өткізіп, отаға дайындадық. 8 сағатқа созылған операция кезінде арнайы генераторды пайдаландық. Қазіргі уақытта науқас дәрігерлердің бақылауында , - деді кардиохирург Асылбек Қонысов.

Айта кетейік, орталықта былтыр 110 ота жасалса, биыл жыл басынан бері 260 операция сәтті өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға